Коронавирус инфекциясынан кейін медициналық оңалтудан қалай өткен дұрыс?

15 Қаңтар 2022, 13:10
1202
Бөлісу:
Коронавирус инфекциясынан кейін медициналық оңалтудан қалай өткен дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады. МӘМС жүйесі медициналық оңалтуды қаржыландыруды арттырып, тиісінше пациенттердің оны алу мүмкіндігіне ықпал етуді алға қойған.  

Тексеруден, диагноз және емдеуден кейін кейбір жағдайларда ағзаның қалпына келуіне көмектесу керек. Әсіресе, егер науқаста созылмалы аурулар болса, ентігу қалады, әлсіздік байқалады.

МӘМС арқылы коронавирус инфекциясынан кейін медициналық оңалтудан қалай өтуге болады?
1. Емханадағы дәрігерге бару керек. 
2. Дәрігер реабилитолог-дәрігердің немесе мультидисциплинарлық топтың консультациясына жолдама береді.
3. Реабилитолог немесе MТД науқастың жағдайын бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. 
4. Оңалту шаралары тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. 
5. Функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты медициналық оңалту стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық жағдайларда да жүргізілуі мүмкін.

Тағы бір ескеретін жайт, көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген пациенттер де өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей.

Өзгелердің жаңалығы