Коронавирус: Індет жұқтырған жүк көлігінің жүргізушісі Ресейден келген

23 Сәуір 2020, 13:43
1098
Бөлісу:
Коронавирус: Індет жұқтырған жүк көлігінің жүргізушісі Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауру анықталған 2 азамат та індетті жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды.

Олар 1980 және 1964 жылғы азаматтар. 1964 жылғы азамат Ресейден келген жүк көлігінің жүргізушісі. Ол бірден карантиндік станционарға жатқызылған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы таратқан ақпаратта. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

23.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 133 адам бар.

Өзгелердің жаңалығы