Коронавирус: Емделіп жатқан 1884 адамның жағдайы ауыр

6 Тамыз 2021, 08:45
1591
Бөлісу:
Коронавирус: Емделіп жатқан 1884 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 1 884 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 6 тамыздағы ақпарат бойынша, 107 807 адам коронавирус инфекциясынан (–104 321 + және 3 486 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 139 пациент стационарда, 77 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 884 адамның жағдайы ауыр, 400 пациенттің жағдайы өте ауыр, 187 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Өзгелердің жаңалығы