Коронавирус. Елордада індет жұқтырушылар саны азайып келеді

24 Ақпан 2022, 13:53
1051
Бөлісу:
Коронавирус. Елордада індет жұқтырушылар саны азайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, елордада коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары біршама төмендеген. 

Індет жұқтырудың анықталуы азайғанын ескере отырып, қаланың 16 ақпаннан бастап «сарыға», кейін 21 ақпаннан бастап эпидемиологиялық матрицаның «жасыл» аймағына өткендігін байқадық. Қазіргі уақытта (24 ақпанда) апталық сырқаттанушылық көрсеткіші қаңтардағы (25 қаңтарда) ең жоғары апталық сырқаттанушылық көрсеткішімен салыстырғанда 84,8 есеге, яғни 35 565 жағдайдан 419 жағдайға дейін төмендеді, - деп атап өтті бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар ол астана бойынша соңғы 7 күн ішіндегі эпидахуалға тоқталды. 

Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,4 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 84,6-дан 33,9-ға дейін төмендеуі тіркелді. Өткен тәулікте 43 жағдай анықталды. Коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша RT репродуктивті саны 0,52-ні құрайды, - деді Сархат Бейсенова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері індеттің біршама саябырсығанын, елорданың «жасыл» аймаққа өткендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы