Коронавирус. Елорда бойынша жедел желі іске қосылды

29 Маусым 2020, 13:56
1381
Бөлісу:
Коронавирус. Елорда бойынша жедел желі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты коронавирусқа байланысты парақша іске қосты. 

Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды табуға болады. 

Сонымен қатар парақшада COVID-19-ды анықтауға арналған тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекенжайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керек екені туралы, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар. 

Коронавирус бойынша жедел желі (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43, 1406, 109; 

Жедел жәрдем – 103; 

Ерікті болу – +7 701 356-22-96; 

Психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39; 

Қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны). 

Егер жұмыссыз қалсаңыз +7 (7172) 57-88-88 қоңырау шалыңыз – қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз. 

29 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 3788 КВИ жағдайы тіркелді. Емделіп шыққандар саны – 2721, ал өлім жағдайы – 61.

Өзгелердің жаңалығы