Коронавирус: Дәрігер Алматыдағы науқастардың жағдайы туралы айтты

14 Наурыз 2020, 16:00
3239
Бөлісу:
Коронавирус: Дәрігер Алматыдағы науқастардың жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырып, Алматы ауруханаларында ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы тұрақты. 

Науқастардың жағдайы жайлы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтып берді.
Үш науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір науқастың жағдайы орташа дәрежеде. Олардың барлығы тиісті хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Вирусқа қарсы және симптомдық терапия уақтылы басталды. Стационарда қажетті препараттар, жеке гигиена және дезинфекциялау заттары жеткілікті, – деді Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айта кетсек, қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың төртеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдап жатыр.
Өзгелердің жаңалығы