Коронавирус: бір тәулікте 11 мыңға жуық адам вирус жұқтырған

16 Наурыз 2020, 08:23
3505
Бөлісу:
Коронавирус: бір тәулікте 11 мыңға жуық адам вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 24 сағат ішінде әлем бойынша 10 982 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды, 343 адам қайтыс болды. Жаңартылған деректерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады, деп хабарлайды РИА Новости.


Осылайша, бүкіл әлем бойынша жұқтырғандардың саны 153 517 адамға жетті, өлім жағдайларының жалпы саны 5375 құрады.

Қытайдан тыс жерде инфекцияның расталған жағдайларының жалпы саны - 72 469, 2531 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған дейін Қытайдан таралған COVID-19 инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын. Коронавирус аурулары 140-тан астам елде анықталған.

Өзгелердің жаңалығы