Коронавирус: Бір күнде 2200-ден астам адам жұқтырды

6 Наурыз 2020, 08:55
1383
Бөлісу:
Коронавирус: Бір күнде 2200-ден астам адам жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус Қытайдан өзге әлемнің 85 еліне таралды. Жалпы бұл инфекцияны жұқтырғандар саны 95 мыңнан асты.

 
Әлемде коронавирустық инфекцияның 2241 жаңа жағдайы тіркелді, олардың 143-і Қытайда, делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұма күні жарияланған есебінде.
 
ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде 95 333 адам инфекция жұқтырған, оның 80 565-і Қытайда, 14 768-і әлемнің 85 елінде.
 
Жалпы, Қытайда 3015 адам (күніне 31 адам) және бүкіл әлем бойынша 267 (күніне 53 адам) жаңа коронавирус індетінен қайтыс болады.
 
ДДСҰ әзірге коронавирусты емдеудің жолы табылмай отырғанына алаңдаулы.
 
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген.
 
ДДСҰ оны көптеген індеттермен және халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.
 
Бүгінде бұл вирус Қытайдан өзге Оңтүстік Корея, Италия және Иранда ең көп таралуда.
Өзгелердің жаңалығы