Коронавирус. Бір апта ішінде 44 мыңға жуық оқушы індет жұқтырған

1 Ақпан 2022, 09:51
1196
Бөлісу:
Коронавирус. Бір апта ішінде 44 мыңға жуық оқушы індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру мәселесі өзі басқарып отырған ведомствоның үнемі бақылауында.  

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жалғастыруда. Осылайша, жалпы ел бойынша сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі оқушылардың арасындағы эпидемиологиялық жағдайға да әсер етті. Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуін көріп отырмыз, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол оқушылар арасында соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылық деңгейі күрт өскен. 

Соңғы аптада оқушылардың арасында КВИ-мен ауру 1,3 есе өсті. Атап айтсақ, 43549 оқушының індет жұқтыру жағдайы тіркелді. 223 мың байланыста болғандар анықталды, байланыста болғандардың арасында 1702 оқушы ауырып қалды. КВИ-мен ауырғандардың жалпы санынан оқушылардың 10%-дан жоғары үлесі Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады, - дейді Ажар Ғиният. 

Сонымен қатар министр дәстүрлі оқытуға көшуге байланысты ескерту жасады. 

Офлайн оқытуға көшуге, жас адамдардың «Омикрон» түрін тез жұқтыруын ескере отырып, аумақтардың әкімдерінен білім беру ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, сыныптардың толықтырылуын және КВИ профилактикасының өзге де белгіленген шараларын орындау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуді сұраймын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы