Коронавирус: Бекшин Алматыда науқастар көбейіп жатқанын айтты

24 Шілде 2021, 13:28
2420
Бөлісу:
Коронавирус: Бекшин Алматыда науқастар көбейіп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жайында брифинг өтіп жатыр. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистегі эпидахуал туралы айтты.

Кеше, яғни 23 шілдеде қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Жаңа қаулының қабылдануының басты себебі – соңғы үш аптаның ішінде коронавирус індетінің өршуі. Мысалы, соңғы 23 күннің ішінде көрсеткіш 4 есе көбейді. Ал өткен аптаның ішінде көрсеткіш 1,4 есеге артты. Бұған дейін айтып келе жатқанымыздай, қаладағы вакцина алғандардың санын 70%-ға дейін жеткізуіміз керек. Алайда қазіргі күні КВИ-ге қарсы иммунитет 40%-ды ғана құрап отыр. Вирусты жұқтыру иммунитеті жоқ, вакцина алмаған тұрғындар арасында жүріп жатыр, - деді Бекшин онлайн брифингте. 

Алматыда кеше 1080 КВИ жағдайы тіркелді. Бекшин атап өткендей, бұл денсаулық сақтау инфрақұрылымына, медициналық қызметкрлерге жүктеме әкеледі.

Біз науқастар санын жүргіземіз. Әрине бұған дейін де, мәселен, Sputnik V вакцинасының тиімділігі 91,6% екенін айтып келеміз. Яғни дәл қазіргі күні 100% тиімді вакцина жоқ. Сонымен қатар барлығы әр ағзаның вакцинаны қабылдауына байланысты, - деп айтты Жандарбек Бекшин.

Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Вакцинациялау процесін күшейтуіміз керек. Ауруды тоқтатудың бір жолы – осы вакцина. Өткен аптада сырқаттанғандар саны көбейгенін көріп отырмыз. Сол себепті кеше жаңа қаулы шығардық. Шектеу шаралары күшейтілді. Қабылданған шаралар ауруға тосқауыл болуға сәйкес деп айтуға болады, - деп түсіндірді қаланың санитарлық дәрігері.

Бекшин маска режимін сақтау қажеттігін де айтты.

Өзгелердің жаңалығы