«Коронавирус бағдаршамы». Қызыл, сары, жасыл аумақтар неге өзгере береді

1 Ақпан 2021, 13:51
1828
Бөлісу:
«Коронавирус бағдаршамы». Қызыл, сары, жасыл аумақтар неге өзгере береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жиі өзгеріп тұратын елордадағы «Коронавирус бағдаршамына» қатысты сауалға жауап берді.

«Бағдаршам» секілді болып кетті деп жатқандар бар. Бұл апта сайын беріліп отырған – вирустың репродуктивтік көрсеткіші немесе инфекция жұқтырғандардан байланысатын адамға берілу саны. Осы көрсеткіш бірден төмен болса, біз «сары» немесе «жасыл» аумаққа түсіп отырамыз. Оған қоса, тағы бір көрсеткіш бар. Бір аптада 100 мың адамның ішінде қаншасы ауырып қалды деген. Осы екі көрсеткіш қосылып, матрица пайда болады. Соған байланысты «қызыл», «сары», «жасыл» аумақтар» анықталады. Әлемде сондай шешім бар. Егер 100 мың адамға шаққанда 50-ден аса жұқтыру жағдайы анықталса және R көрсеткіші бірліктен артық болса – «қызыл» аумаққа» өтеді. «Қызыл» аумаққа өткен, жүріс-тұрысты азайтып, бір-бірімізді қарым-қатынасты шектеу керек, - дейді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, бұл - дәлелденген. Нақты мысалдар бар. Мысалы, жаңа жылдың алдында адамдардың араласуы көбейген. Соның салдарынан 15 қаңтардан бастап, күніне 230 адам астам жұқтыра бастаған.

Бұл жай ғана «қызыл» аумақ емес. Жедел-жәрдемге салмақ түсе бастайды. Стационарда жатқан адамдар көбейе бастайды. Амбулаторияға келетін науқастардың саны артады. Соның бәрін есепке алған кезде аздаған шектеулер енгізген өте тиімді. Біз жартылай шешіммен тоқтатпасақ, жағдайды реттей алмай қаламыз. Сосын жаздағы сияқты жағдай қайталануы мүмкін, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


Өзгелердің жаңалығы