Коронавирус: Қазақстанда кинотеатрлар жабылады

12 Наурыз 2020, 12:30
1747
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанда кинотеатрлар жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың жаппай таралуына байланысты қоғамдық орындар жабық болады. 

Бірақ адамдардың азық-түлік және ең алдынғы қатардағы қажет тауарларын алу үшін сауда орындары ашық қалады.

Тек 500-1000 адам жиналатын шараларға тыйым салынады және сауда орталықтарындағы кинотеатрлар жабық болады.

Сауда орындары жұмыс істейді. Оның ішінде дүкендер ашық болады. Сауда орталықтарында жұмыс істейтін кинотеатрлар жабық болады. Бұл шара ведомствоаралық комиссияның шешімі күшіне енген күннен бастап қолға алынады, - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифинг барысында.

Сонымен қатар, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарғы оқу орындарында білім беру дистанциялық режимге көшкенмен, студенттердің стипендиясы сақталатынын айтты.

Министрдің айтуынша, балабақшалар жұмыс істей береді.

Айта кеткен жөн, аталған шаралардың барлығы дүниежүзін дүрліктіріп отырған коронавирус індетінің таралуының алдын алу аясында жүзеге асырылып отыр.

Бұған дейін Үкімет мүшесі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында 16 наурыздан бастап мектеп оқушылары үшін каникул басталатынын мәлімдеді. Каникул 5 сәуірге дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы