Коронавирус. Астанада 75 адам жансақтау бөлімінде жатыр

10 Ақпан 2022, 16:52
1782
Бөлісу:
Коронавирус. Астанада 75 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де қолайлы емес. 

Коронавирус жұқтырғандардың саны қаңтар айының басында 5 мыңнан 300-ге дейін төмендеген. 

Алайда көрсеткіштерді жақсы деп атауға болмайды. Бірақ сырқаттанудың біршама азайғаны бар. Бүгінгі таңда ковидтік стационарларда 531 пациент ем алуда. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі 30,6%-ды құрайды. Бірақ өкінішке қарай, реанимациядағы төсек жүктемесі әлдеқайда жоғары, ол 50,3%-ға тең. Яғни, статистика көрсетіп отырғандай, ауырлығы орташа дәрежедегі госпитализацияға пациенттердің қысқаруымен ауыр және өте ауыр науқастардың саны азаймайды. Бүгінгі күні реанимацияда 75 адам бар, оның ішінде 19-ы өкпені жасанду желдету аппаратымен тыныстап жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол адамдар қандай жағдайда жансақтау бөліміне түсуі  мүмкіндігіне тоқталды. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, реанимациялық төсек-орындарда өмір үшін күресте жатқандар көбінесе үйде өзін-өзі емдеумен айналысқан немесе жеке клиникалардан дәрігерлердің нұсқауы бойынша антибиотиктер қабылдаған тұрғындар. Көптеген пациенттерр ПТР тестілеуден өтпегенін де мойындайды.  Таныс дәрігерлердің ұсынған әдіспен емделген. Мұның бәрі жағдайдың нашарлай бастағанына және оларды ауыр жағдайға әкелуіне себеп болды, - деді Тимур Мұратов. 

Өзгелердің жаңалығы