Коронавирус: жалған ақпарат таратқан 50 жастағы балқаштық әйел ұсталды

13 Наурыз 2020, 12:16
2815
Бөлісу:
Коронавирус: жалған ақпарат таратқан 50 жастағы балқаштық әйел ұсталды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус індетіне байланысты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, халық арасында үрей тудыру тыйылмай отыр. Қарағанды облысының құқық қорғау қызметкерлері осындай құқық бұзушылықпен күресуді жалғастыруда.

12 наурыз күні WhatsApp мессенжерінде Балқаш қаласындағы медицина колледжінінің жатақханасынан студенттер мәжбүрлі түрде шығарылып жатқандығы және ғимаратқа "коронавирус жұқтырған" 300 адам әкелінетіндігі жайлы хабарлама тараған. Полиция қызметкерлері жүргізген шаралардан кейін аталған қылмысты жүзеге асырды деген күдікпен Балқаш қаласының тұрғыны 50 жастағы әйел адам анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыствқ кодексінің 274-бабы, 2-тармағына сай сотка дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс телекоммуникация желілерін қолдану арқылы жалған ақпарат тарату бабы бойынша қозғалды, - дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бір ескерте кететін жайт, осындай қылмыстық іс жасағандарға заң бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті тұрғындардан әлеуметтік желілерде таралатын қауесетке ермеуді, тек мемлекеттік органдардың ресми мәлімдемелеріне сүйенуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы