Коронавирус: Алматыда тағы бір науқас тіркелді

23 Наурыз 2020, 12:40
1440
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда тағы бір науқас тіркелді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі бүгін Алматыда тағы бір науқастың тіркелгенін хабарлады.

23 наурыз сағат 12.40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61-ге жетті.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 61 науқас тіркелді, - делінген ДСМ таратқан хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы