Коронавирус. Алматыда 2 392 науқас дәрігерлердің бақылауында

15 Шілде 2022, 11:42
1011
Бөлісу:
Коронавирус. Алматыда 2 392 науқас дәрігерлердің бақылауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда коронавирустың таралуы күн санап өсіп келеді. 14 шілдеде қалада 349 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.  Оның 341 симптомдық белгілері бар және 8 симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық стационарларда 300 төсек-орын жүктемесі барын және онда 153 пациент ем алып жатқанын мәлімдеді. 

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 392 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 232, симптомсыз 160 науқас бар. 

Қалада коронавиурсқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр. Өткен тәулікте Алматыда вакцинаның   I компонентін  363 адам, II компонетін 541 адам салдырды. Ал, ревакцинациядан 1 577 адам өтті. Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 117 671 адам салдырды,-деді ведомстодан.

Сондай-ақ қаладағы медициналық ұйымдарда 85 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
 

Өзгелердің жаңалығы