Коронавирус: Алматыдағы қазіргі жағдай

27 Сәуір 2020, 10:27
1429
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыдағы қазіргі жағдай

Алматы, BAQ.KZ.  27 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді. Кеше вирус жұқтырудың 5 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Олардың төртеуі карантиндегі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 жылы туған екі ер адам және 1971, 1958 жылғы екі әйел бар, ал бесіншісі кеше Атырау - Алматы рейсімен ұшып келген 1988 жылы туған әйел. Ұшып келген экипаждың барлық мүшелері карантинге орналастырылды,-делінген хабарламада.

Жұқпалы аурулар стационарларында 744 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр екен. 2 науқастың жай-күйі аса ауыр деп бағаланған, 29 адамда – ауыр, 214 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Екі науқас тыныс алу қиындығына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылған. Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның 5-і бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті.

Статистика бойынша Алматыда 97 жасар әйелдің қатыс болуы ми қан айналымының жіті бұзылуынан туындаған қайтымсыз органикалық дертінің салдары. Бұл ретте, коронавирустық инфекция, басқа да бірқатар ауыр аурулары қосымша болған. Осыған байланысты, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ-ға оң талдауы бар пациенттердегі Қайтыс болумен аяқталған жағдайларды зерделеу жөніндегі комиссия (ҚБЖЗК) бұл жағдайды КВИ себебі бойынша қайтыс болу жағдайына жатқызбау туралы шешім қабылдады,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы