Коронавирус. Ақтөбе облысы "сары аймақта"

28 Наурыз 2021, 18:10
2425
Бөлісу:
Коронавирус. Ақтөбе облысы "сары аймақта"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы сары аймақта орналасқан.

Соңғы тәулікте өңірде КВИ-мен ауырған 62 жағдай анықталды, оның ішінде індет симптомдары бар – 42 адам, симптомсыз – 20 адам тіркелген.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша КВИ-мен ауырған 5020 жағдай тіркелген, оның ішінде 2746 ауру белгілерімен (54,7%) және 2274 симптомсыз (45,2%) жағдайлар. 4488 (89,4%) науқас жазылып шыққан. Тәулік өсім 1,3% құрап отыр.

Барлық 5020 жағдайдың 3,1% (157) сырттан әкелінгендер, 16,5% (830) сырқаттанған адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,3% (4033) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 30% (1210) профилактикалық мақсатта тексерілген адамдардан анықталған жағдайлар. 

Қазіргі таңда үй карантиніне 941 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы