Коронавируспен күрес. Қарағандыда қосымша 400 млн теңге бөлінеді

15 Маусым 2020, 20:35
1319
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Қарағандыда қосымша 400 млн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек инфекциялық ауруханалар желісін кеңейту жөніндегі кеңесті өткізді.

Қазіргі уақытта облыста 14 жұқпалы аурулар нысаны, 2200 төсектік 9 провизорлық және 8 карантиндік госпиталь жұмыс істейді.

Сондай-ақ карантиннің жалғастырылуына және сарапшылардың күз және қыс маусымына қолайсыз болжам жасауларына байланысты қазіргі уақыттағы біздің басты міндетіміз орын алуы мүмкін қиындықтарға мұқият әзірленіп, тұрғындарды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар дәрігерлерге ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасау аса маңызды. Пандемия кезінде біз облыстың денсаулық сақтау жүйесінде олқылықтардың бар екенін көрдік.Қазіргі уақытта біз денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жасаудамыз - деді облыс басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған қалаларындағы санаторийлерді, жатақханаларды жұмылдыру және жұмыс істеп тұрған ауруханаларды жөндеу және қайта жарақтандыру есебінен жұқпалы аурулар ауруханаларының санын арттыруды жоспарланған.

Осы жылдың қараша айына дейін 7 жұқпалы аурулар госпиталі мен бөлімшелерді қайта жаңарту және жөндеу жоспарланып отыр. Бұл үшін облыстық бюджеттен 905 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ инфекциялық қызметті жабдықтауға қосымша 400 млн теңге қаражат қарастырылған. Жалпы алғанда резервтік жұқпалы төсек орындардың саны кем дегенде 2 есеге, яғни 4000-ға дейін ұлғаятын болады. Қазіргі уақытта біз үшін болашақта орын алуы мүмкін сын-қатерлерге төтеп бере алатын жұқпалы қауіпсіздіктің тұрақты жұмыс істейтін инфрақұрылымын құру аса маңызды - деді Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Өзгелердің жаңалығы