Коронавирус. 306 науқастың жағдайы ауыр

16 Шілде 2020, 12:41
1144
Бөлісу:
Коронавирус. 306 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «КВИ бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Қазіргі таңда 306 науқастың жағдайы ауыр (ауыр жағдайда – 265 науқас, өте ауыр жағдайда – 41 адам), олар жан сақтау және анестезиология бөлімінде ем қабылдап жатыр. 67 пациент өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған. Инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында 133 науқас жатса, оксигенотерапия алып жатқан сырқат саны – 106. Өздігінен дем алып жатқан 9 265 науқас бар. Жалпы, бірінші жартыжылдықта пневмониямен 98 мың адам сырқаттанған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50%-дан жоғары, - деді ол.

Бұған дейін комитет төрағасы коронавирус бойынша ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан (5,1%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (3,9%) байқалғанын айтқан болатын

Жалпы, Қазақстанда бүгінде коронавирус инфекциясының 65 188 жағдайы тіркелген. 25 688 науқас (оның ішінде 192-сі бала) емін жалғастыруда, 39 066 науқас сауығып шыққан.

Сонымен қатар, Тимур Сұлтанғазиев 5-14 шілде аралығында өңірлерде бақылау жұмыстарын жүргізу барысында карантин кезінде жұмыс істеген 16 572 нысан қамтылып, 1617 нысаннан заңбұзушылық анықталғанын айтты.



Өзгелердің жаңалығы