Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан күміс жүлде иеленді

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, командалық көпсайыста отандастарымыз жалпы 263.65 ұпай жинады.

 t.me/DRSQazaqstan Бүгiн 2026, 00:40
Бүгiн 2026, 00:40
128
Фото: t.me/DRSQazaqstan

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық көпсайыс қорытындысы бойынша екінші орын алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, командалық көпсайыста отандастарымыз жалпы 263.65 ұпай жинады.

Бұл сында ел намысын Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева, Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.

Аталған бағдарламада Өзбекстан құрамасы (265.8 ұпай) топ жарса, үздік үштікті Қытай түйіндеді.

Құрама команданың жаттықтырушылары – Меруерт Балғынбаева мен Екатерина Панченко. Бас бапкер – Лола Әділбекова.

Айта кетейік, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Наверх