Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды

29 Желтоқсан 2022, 13:34
1476
Бөлісу:
Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды
PHOTO

Кеше қалалық Көркем гимнастика Федерациясы спортта айтулы табысқа жетіп, әлемдік аренада талайды таңдай қақтырып үздік нәтижеге жеткен аруларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін шараға қатысқан Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жыл үздіктерін  құттықтап, номинациялық аталым бойынша сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар басқарма басшысы жеңісті сәттердің артында жаттықтырушылардың жемісті еңбегі тұрғанын да атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада бұқаралық спортты дамыту жолында көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Жылдан жылға біздің спортшыларымыздың да жетістіктері ұлғаюда. Биылғы жылы гимнастшыларымыз үшін көптеген жетістіктерге толы болды. Олар халықаралық сындарда үздік нәтижеге қол жеткізді.Осы орайда әрбір жеңіс пен спорттық жетістіктің артында үлкен команданың – жаттықтырушылардың, спорт дәрігерлерінің, федерацияның орасан зор еңбегі тұрғанын атап өткім келеді. Алдағы келер жылыда спортта үміт артқан әрбір  оғландарымыз сенімді толық ақтап, биіктен көрінеді деген ойдамын. Нәзік жандыларға тән үйлесімді көркем гимнастиканың спорт әлемінде алатын орны қашанда бөлек-деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

«Талғамда талас жоқ» демекші, кімнің қай спорт түрімен айналысамын десе өз еркі. Бастысы өз қалауын тауып, арманы асқақ болуына тілектеспіз.

Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды

Спорттағы сұлулықты, өнер мен спортты қатарынан алып жүрген жыл үздіктерімен таныс болыңыздар:

“Жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы” номинациясының жеңімпазы – Динишева Анель.

«Жастар арасындағы үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы - Кушербаева Дария.

 «Негізгі құрама арасындағы үздік спортшы » номинациясының жеңімпазы - Бакатова Сабина.

 «Жасөспірімдер арасындағы үздік жаттықтырушы»  номинациясының жеңімпазы – Балгинбаева Меруерт Тулегеновна.

 «Жастар арасындағы үздік жаттықтырушы»  номинациясының жеңімпазы – Балгинбаева Меруерт Тулегеновна.

Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды

”Үздік жаттықтырушы” - Панченко Екатерина Ивановна.

”Үздік спортшы” - Айбота Ертайқызы.

 “Үздік көркем гимнастика мектебі” - ALEM.

”Үздік көркем гимнастика мектебінің жетекшісі” - Ахметжанова Асем Бахытжановна.

«Негізгі құрама арасындағы үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңімпазы- Красникова Светлана Дмитриевна.

«Жасөспірімдер арасындағы үздік топ» номинациясының жеңімпазы -  Queens.

«Жастар арасындағы үздік топ» номинациясының жеңімпазы -  Грация.

«Негізгі құрама арасындағы үздік топ » номинациясының жеңімпазы – Чемпионки.

«Жасөспірімдер арасындағы үздік топ жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы – Асымова Алия Ильясовна.

Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды


«Жастар арасындағы үздік топ жаттықтырушысы» номинациясының жеңімпазы - Нечитайло Оксана Ивановна.
 

 «Негізгі құрама арасындағы үздік топ жаттықтырушысы » номинациясының жеңімпазы – Старыгина Инга.

«Жыл серпіні - 2022» номинациясының жеңімпазы - Жайлауова Эрика.

 «Үздік төреші» номинациясының жеңімпазы – Есикова Екатерина Николаевна.

Көркем гимнастика көкжиегіндегі үздіктер анықталды

«Федерацияға еңбегі сіңгені үшін» номинациясының жеңімпазы –  Бекбосынова Ғайни Нұрланқызы

«Үздік хореограф» номинациясының жеңімпазы – Оспанбаева Чингис Асетұлы

«Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинациясының жеңімпазы –  Маматаева Аяла

«Қолдау» номинациясының жеңімпазы – «Мир танцев» дүкені.

Өзгелердің жаңалығы