Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу жасады

9 Тамыз 2019, 19:11
1438
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына арналған үндеуді жариялады, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектері мен басқа да күдікті заттар табылған жағдайда мобильді топқа хабарлап, ешқандай дербес іс-қимыл жасамауды сұрайды. Арыс қаласында тұрғындардың өтініштері бойынша әрекет ететін инженер-саперлердің мобильді тобы жұмыс істейтінін еске саламыз. Мамандар қала аумағында табылған заттарды жинау бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Инженер-саперлерді шақыру үшін мобильді топтың аға өкілі күн сайын кезекшілік ететін 102 телефонына қоңырау шалып, орналасқан жерін және басқа да қажетті мәліметтерді хабарлау қажет», - делінген мнистрліктің хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы