Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты түсініктеме берді

5 Шілде 2019, 15:15
2176
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті тұрғындарға еш қауіп жоқ делінген таратылған ақпаратта.

"ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсініктемеде инженерлік-саперлік бөлімшелердің оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау жұмыстары барысында Арсеналға (тыйым салынған аймақ) іргелес аумақта жеке оқ-дәрінің жарылғаны салдарынан өрт шыққанын хабарлайды. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ. Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік жұмыстар аяқталғанға дейін Арсенал аумағына жақындауға тыйым салынғанын еске салады", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы