Қорғаныс министрінің орынбасары Пәкістан елшісімен кездесті

8 Сәуір 2021, 19:46
1261
Бөлісу:
Қорғаныс министрінің орынбасары Пәкістан елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Ахмед Сирах Алматы қаласындағы Бітімгерлік даярлық орталығына барды. Онда пәкістандық әріптестері Қазақстандық бітімгерлер үшін жабдықтаған кітапхана салтанатты түрде ашылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Ахмед Сирахпен бітімгерлік даярлық шеңберіндегі бірлескен жобаларды және қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ-ның операцияларына қатысуын талқылап, Төтенше және Уәкілетті Елшіге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов бітімгерлік қызмет шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың артатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың қазанында қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде пәкістандық топ бітімгерлік даярлық орталығына сапармен келген еді. Сол кезде пәкістандық делегация кітапхананы жабдықтауға қолдау көрсетуге ниетті екенін айтқан.



Өзгелердің жаңалығы