Кореяның сыртқы істер ведомствосы Солтүстік Кореяға қатысты мәлімдеме жасады

31 Мамыр 2023, 14:39
712
Бөлісу:
Кореяның сыртқы істер ведомствосы Солтүстік Кореяға қатысты мәлімдеме жасады

Кореяның сыртқы істер министрі Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын бұзғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында Кореяның министрі Пак Чжин мәлімдеді.

Атап айтқанда, бүгін таңертең Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын айқын бұзып, сондай-ақ Корей түбегінің және бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін елеулі арандатушылықтар болып саналатын «спутникті ұшыру» деген сылтаумен ұзақ қашықтықтағы баллистикалық зымыранды ұшырды. Біз бұл елдің мұндай ісін айыптаймыз, - деді Пак Чжин.

Еске сала кетейік, Кореяның сыртқы істер министрі елімізге екі күндік ресми сапармен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы