Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келеді

2 Тамыз 2022, 18:05
1735
Бөлісу:
Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келеді
PHOTO

Мәжілісте Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Корея-Қазақстан» достық тобының жетекшісі У Вон Шик бастаған делегация өкілдерімен кездесті. 

Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келеді

Отырыста Айгүл Құспан биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық осы жылдар ішінде өзара түсіністік пен достық рухында дамып келе жатқанына тоқталды.  

Сонымен қатар тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  өткен жылғы Кореяға мемлекеттік сапары барысында екі ел көшбасшылары кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуды жалғастыруға ниетті екендерін айтты.

Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келеді

Екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі. Парламент заң шығару қызметінің түрлі мәселелері бойынша корей әріптестерімен серіктестікті тереңдетуге дайын, – деді Айгүл Құспан. 

Өз кезегінде У Вон Шик жыл өткен сайын Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Оңтүстік Корея үшін Орталық Азиядағы ірі әрі маңызды сауда серіктесі екеніне назар аударды. 

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, Корея Республикасымен ынтымақтастық топ мүшелері Айдос Сарым, Жұлдыз Сүлейменова мен Аманжол Әлтай қатысты.

Корея мен Қазақстан арасында парламентаралық байланыс нығайып келеді

Соңында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайту, соның ішінде парламентаралық байланысты одан әрі дамыту туралы келісті.

Өзгелердің жаңалығы