Корей генералының сүйегін Отанына қайтарған соң Қызылордада не болады?

31 Мамыр 2023, 14:27
987
Бөлісу:
Корей генералының сүйегін Отанына қайтарған соң Қызылордада не болады?
Фото: автордан

Корей генералы Хон Бомның сүйегі Отанына қайтарылған соң Қызылорда қаласында бірнеше жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістете түсуге қолқабыс көрсету жөнінде уағдаластық. Корей елінің батыры генерал Хон Бом Доның мұрасымен байланысты жобаларға көңіл бөлінді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды, - деп атап өтті Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.

Ал Кореяның сыртқы істер министрі еліміздің Үкіметі тарапынан екіжақты қатынастарды дамытуда көпір рөлін атқаратын этникалық корейлерді қолдауын жалғастыруды сұрағанын алға тартты.

Атап айтқанда, екі ел де, генерал Хон Бомның сүйегін Отанына сәтті қайтарғаннан кейін, оның есімін ұлықтау мақсатында Қызылорда қаласында саябақты және көшені салып, есімін беру және Қызылорда университетінде IT факультетін ашып, есімін беру жөніндегі болашақтың жобаларын іске асыру үшін консультацияларды жалғастыруға келісті, - деді Пан Чжин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы рекордтық 6,5 млрд долларға жетті.

Өзгелердің жаңалығы