Корей дорамасы қалай трендке айналды?

31 Қаңтар 2024, 15:26
989
Бөлісу:
Корей дорамасы қалай трендке айналды?

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында Корея елінің киноиндустриясына қызығушылық танытатындар көп. Нақтырақ айтсақ, корей дормаларын қызығып қарайды. Корей дорамалары несімен қызық, шолу жасап көрген едік хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дорамадағы актерларға ұқсап киім үлгісі мен іс-әрекетін өзгертуге тырысатындар да бар. Сол фильмдер арқылы кәріс тілін үреніп алған жастар да аз емес.

Дорама қалай пайда болды?

Ең алғаш дорама жапон Жапонияда жарыққа шыққан. Дорама ұғымы манга және аниме ұғымдарымен тығыз байланысты. Себебі сол манга мен анимелерден алынған оқиғалардан дорама түсіріледі. Бірақ жапондықтар ағылшынның «драма» сөзін қызық мәнерде айтып, нәтижесінде «дорама» сөзі пайда болған. Осылайша кең танымал болған дораманы қазір қытайлықтар, кәрістер жиі қолданып түрлі сериалдар түсіріп жүр. Ең алғашқы дорама 1962 жылы «Сеулдің артқы көшелері» деген атаумен көрермендерге ұсынылды. Алайда бұл кезеңде шығарылған фильмдер қатаң бақылауда болды. Одан кейін ауыл өмірі мен елдің тарихын көрсететін дорамалар жарыққа шыға бастады. Дораманың Кореядан кең танымал бола бастағанын сценарист Ким Су Хенның 1987 жылы түсірген "Махаббат және амбиция" дорамасынан байқауға болады. Ол рейтингте 78% жинап, Оңтүстік Кореяның коммерциялық сериалының тарихында маңызды кезең болып қалды. Қазіргі уақытта көпшіліктің сүйсініп қарайтын жанрына айналған бұл дорамаларды Netflix компаниясы да қолға алып, түрлі сериалдарды жарыққа шығаруды қолға алды.

Қазақстанға дорама қашан келді?

Елімізде ең алғаш болып көрсетілген сериалдардың бірі Ва-банк болды. Махаббат хикаясын баяндайтын бұл сериал қалың көрерменнің есінде ерекше қалды. Ата-атансынан ерте айырылған Ким Ина есімді жігіттің, Мин Су Ен есімді аруға ғашық болуынан басталады. Көше тәрбиесінде өскен Ким Ина түрлі бұзақылық жасап, төбелеске жақын болады. Мин Су Енмен таныстығы да солай болады. Барлығы пойыздағы сәтсіз танысудан басталып, соңы күту мен сағыну, айрылысып қайта қосылу сынды эпизодтармен жалғасады. 2003 жылы түсірілген бұл сериал елімізге 2005-2006 жылдары келді. Одан бөлек, «Жумонг», «Ыстық ұя», «Тәуіп Хо Жун», «Мұзды жарып шыққан гүл», «Жігіттің сабаздары» дорамалары көрермендердің асыға күтетін дорамларына айналды.

Дораманың ерекшелігі неде?

Нәзік сезімге толы дорамаларды әсіресе қыздар қауымы ерекше жақсы көреді. Сериалдағы жігіттердің романтикаға толы іс-ірекетіне, өз-өзін ұстауы, киім мен түр әлпетіне назар аудырып, қызықпау мүмкін емес. Сценаристер мен режиссерлар «қандай қиыншылық болса да махаббат бәрін жеңеді» деген сөзді арқау етіп алғандай. Өйткені қай дорамасын алып қарамаңыз махббатты ерекше сипаттайды, көрсетеді. Барлық дора маларды сценаристтің қиялынан туған деп айта алмаймыз. Көркем суреттеу болғанымен шынайы өмірге негізделіп түсірілетін дорамалардың саны көп. Актерлардың ойнау шеберлігі де қалың көрерменге ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сол кейіпкермен бірге жылап, қуанып, махаббат жолындағы қиыншылықтарды жеңіп, оқиғадағы қос ғашықтың қосылуын ерекше күтеді. Корей дорамаларының тағы бір ерекшелігі жыныстық қатынасты ашық көрсетпейді. Сол дорамалары арқылы өздерінің діни, наным-сенімдерін, тарихын ерекше насихаттайды. Әдетте, олар Чосон дәуірін (Чосон — Оңтүстік Кореяның бұрынғы атауы), Когуре империясының өмірін (Чосонға дейінгі Корей түбегіндегі мемлекет) көп көрсетеді. Кей дораманың басында «оқиғалар мен кейіпкерлердің ойдан шығарылғаны» ескертіледі. Үлкенді сыйлау, әдет-ғұрыпқа назар аудару, ұлттық киімдерін ерекше құрметтеу барлығын дорамадан байқауға болады.

2024 жылғы ТОП дорамалар қандай?

Корея киноиндустриясы жылдан-жылға дамып жатыр. Актерлары біраз танымал болып, түрлі брендтік өнімдердің жарнамасына түсіп үлгерді. Әр жылда бірнеше сериалды көрерменге ұсынатын кәрістер биыл да жаңа дорамаларымен қуантпақ.

«Менің күйеуіме тұрмысқа шық» дорамасы қазір рейтингі жоғары сериалдың бірі. Қарапайым Кан Чжи Вон есімді қыздың өмірі көрсетіледі. Сәтсіз тұрмысқа шыққан ару, жаман ауруға душар болып, күйеуінен қолдау күтеді. Бірақ барлығы өз ойлағандай болмай шығады. Күйеуі көзіне шөп салып жүргенін біліп қояды. Бірақ Кан Чжи Вонға өмірін кері арнаға бұрып, өзгертуге мүмкіндік береді. Қазір дораманың 9-сериясы көрерменге ұсынылды.

Екінші топ дораманың бірі «Менің байлығым». Чжэ Сик есімді кейіпкер өзімшіл, ажырасқан жігіт. Тек өзіне ғана жаны ашитын оның бір күнде өмірінде өзгеріс болады. 7 жастағы қызының бір құлағы естімейтінін біледі. Жігіттің өмірі қалай өзгерді, қызы үшін қандай жағдайларды басынан өткерді барлығын осы дорамадан көруге болады. Бұл сериалда бала үшін әкенің қиындықтары жеңуі, тәуекелге баруы баяндалады.

Келесі трендтегі дораманың бірі «Дағдарысқа тап болған дәрігер». Қазіргі уақытта 2 ғана сериясы шыққан бұл сериал бірден рейтингке жоғары балл алып үлгерді. Е Чжон У және Нам Ха Ныль есімді қыз-жігіттің өмірі көрсетіледі. Бір университетте оқыған екі студент өзара бәсекелес болады. Оқуды аяқтаған соң екеуі екі жаққа кетеді. Алайда жұмыстарында қиындыққа тап болған «қос ғашық» кездесіп қалады. Қиындықтан шығудың жолын табу үшін бірге бір шатырда өмір сүруге тура келеді.

Өзгелердің жаңалығы