Нұр-Сұлтанда корей асханасының фестивалі өтті

29 Шілде 2019, 14:57
2269
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда корей асханасының фестивалі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ас мәзірін 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарының аспазы Хан Чуль Бэ әзірледі.

Елордадағы Марриот қонақүйінде корей асханасының фестивалі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына корей асханасынан дәм тату Қазақстандағы Корей Республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен іске асты.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.19 (2).jpeg

Қонақтар үшін «самгетан» (адамтамыр қосылған тауық сорпасы), «пибимпаб» (күріш пен түрлі көкөністің араласуы), «чапчэ» - (көкөніс қосылып қуырылған кеспе), суэ-кальбигуи (сиыр қабырғаларының тұздалып, қуырылуы) және түрлі сусын қойылды.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.21.jpeg

Аспаздың айтуынша, ол Қазақстанға екінші рет келіп отыр.

«Былтыр Қазақстан астанасына Корей асханасын насихаттау институтының бағдарламасы аясында келгенмін. Жергілікті тұрғындарға корей тағамдарын ұсынып, аспаздар үшін мастер-кластар өткіздік. Мен әлемдік желісі бар InterСontinental Hotel-де 20 жылдан астам бойы жұмыс істедім. Қазір аспаздық курсынан сабақ беремін және шетелде корей асханасын кеңінен насихаттаймын», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.18.jpeg

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.19.jpeg

Кейін аспаз корей асханасын насихаттайтын арнайы институттың жұмысы туралы қысқаша айтып берді.

«Жыл сайын Корей асханасын насихаттау институты әлем бойынша бірнеше бағытты таңдайды. Содан кейін бас аспаздарды жергілікті аспаздар үшін тренинг өткізуге және осылайша корей асханасын насихаттауға жөнелтеді. Ал Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін дәстүрлі асымызды заманауи әрлеу арқылы әзірледік», - деді оңтүстіккореялық қонақ.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.20.jpeg

Корей астарын көбіне ащы деп жатамыз. Хан Чуль Бэ қызыл бұрыш қосылған соя пастасы, чили және соя соусын – корей тамақтарының негізгі құрамы екенін айтты.

«Ас әзірлеу үшін біз жергілікті өнімдерді пайдаландық. Өзіммен бірге дәмдеуіштер мен соустарды ала келдім. Егер сізде қызыл бұрыш қосылған соя пастасы, чили соусы және соя соусы болса, онда сіз корей асханасының кез келген тағамын әзірлей аласыз», - деді аспаз.

Кореялық аспазға қазақ асханасынан қой еті ұнайды екен.

«Мен қазы мен кәуап жедім. Мен бірнеше елдің түрлі тағамынан дәм таттым, бірақ қазақ халқы асатын қой еті ең дәмді тағам дегім келеді», - деді ол.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.19 (1).jpeg

Хан Чуль Бэ қысқы Олимпиада ойындарында өткізген тәжірибесімен бөлісті.

«Мен Олимпиада ойындары кезінді VIР-залда жұмыс істедім. Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелеріне корей асханасының тағамдарын әзірледім. Олар үшін арнайы меню әзірледім. Ойындар Канвонда провинциясында өткендіктен жергілікті жердің дәстүрлі асын ұсындым. «Макгуксу» қарақұмық кеспесі, «поккымпаб» ет және көкөніс қосылып қуырылған күріш және т.б. дайындадым», - деді Хан Чуль Бэ.

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.22.jpeg

«Нағыз аспаз қандай болу керек?» деген сұраққа кореялық қонақ былай жауап берді.

«Профессионал аспаз тағамның құрамын жақсы таңдап, әзірлеу барысын бақылай білу керек. Бұл салада сапалы өнім мен ерекше әзірлік маңызды шарттар деуге болады», - деп түйіндеді Хан Чуль Бэ.


WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-07-29 at 12.32.23 (2).jpeg


Өзгелердің жаңалығы