Көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды – Балаева пандемия туралы

12 Маусым 2021, 15:22
2321
Бөлісу:
Көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды – Балаева пандемия туралы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда Халықаралық қаржы орталығының алаңында Президенттік Жастар кадрлық резервінің бейресми форумы өтті.

Форумға Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың басшылығы, Парламент депутаттары қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйлеу барысында мемлекеттік басқарушылардың жаңа буыны міндеттерді екпінді өзгеріп отыратын жағдайларда шешетін болады деп атап өтті.

Көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды – Балаева пандемия туралы

Пандемия кезінде сенімді және кәсіби ақпаратты бере отырып, қоғамда тұрақтылықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрдік. Біз көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды. Өлім деңгейі жоғары болса да, адамдар вирус бар, вирус қауіпті екендігіне сенбеді. Әрине, мұнда ақпаратты кәсіби түрде беру маңызды болды, - деді Балаева.

Министр сенімді ақпаратқа негізделген қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін салалық журналистиканы дамытудың өзектілігі туралы айтты.

Көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды – Балаева пандемия туралы

Министрлік 2020 жылы журналистиканы дамыту бойынша арнайы жоспар қабылдады, онда журналистерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылған. Салалық журналистиканың қаншалықты маңызды екенін көрдік. Осыған байланысты біздің министрлік меморандумдарға қол қойды, түрлі салалар бойынша журналистерді даярлауға бағытталған нақты семинарлар өтуде. Бірінші кезекте бұл медицина, - деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева министрліктің жобасы болып табылатын Stopfake.kz жалған ақпаратпен күрес жөніндегі сайтын Президенттік кадр резервінің өкілі жүргізетінін атап өтті.

Көптеген фейкті көрдік, қоғамда түсініспеушілік болды – Балаева пандемия туралы

Аида Балаева Президенттік резерв мүшелеріне жұмыста табыс тіледі.

Жаңа жағдайда қандай да бір саланы жетілдіруге түрткі және серпін болуы мүмкін басты жобалар біз үшін өте маңызды. Сондықтан мен сіздерді ынтымақтастыққа шақырамын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы