Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың қанша жаңа нысаны құрылғаны белгілі болды

21 Сәуір 2021, 12:38
1316
Бөлісу:
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың қанша жаңа нысаны құрылғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібін түсіндіру туралы өткен брифингте айтты.

2020 жылдың басынан бастап кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енді. Реформа «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» принципі бойынша мүлік иелерінің бірлестігі коммерциялық емес ұйымының жаңа формасын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге бағытталған, - деді Серіков.

Ол сәуірдегі жағдай бойынша қанша жаңа басқару нысаны құрылғанын айтты.

Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, 19 сәуірдегі жағдай бойынша 2607 жаңа басқару нысаны құрылды. Оның басым бөлігі елорда мен алматыда орналасқан. Ең төменгі көрсеткіштер БҚО мен Жамбыл, Қызылорда облыстарында тіркелді, - деді Нұрбек Серіков.

Айта кетейік, көппәтерлі тұрғын үйлерді ескі басқару нысандары 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қызметін жалғастырады. Мерзім аяқталған соң заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен жою рәсімі жүзеге асырылуы керек.

Өзгелердің жаңалығы