Көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

2 Наурыз 2023, 13:55
1252
Бөлісу:
Көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі
Фото: ernur.kz

8 наурызға орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» мәслихат шешіміне сәйкес 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын 30 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК ( 8625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген, - делінген хабарламада.

Төлемді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің тізімдері негізінде жүргізеді. 

Айта кетейік, әлеуметтік көмек Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде табысы аз азаматтарға төленетін болады.

Өзгелердің жаңалығы