Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі

4 Қаңтар 2023, 16:00
1176
Бөлісу:
Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі

Конституциялық Сотқа жолданымдар жазбаша және электрондық нысанда беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолданым «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 44-бабының талаптарына сәйкес ресімделуі керек. Бұл туралы gov.kz/memleket сайты жазды.

Конституциялық Сот азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.

Азаматтардың жүгіну шарттары мен тәртібі Конституциялық заңның 45-бабында анықталған. Егер жолданым азаматтың атынан берілсе, оның жазбаша келісімі қажет. Конституциялық заңның 44-бабы 4-тармағы 6) тармақшасының талабы 2024 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.  

Азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген осы ұйымдардың уәкілетті адамдары өкіл бола алады.

Конституциялық Сотқа жолданымдар қағаз нұсқада мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 13, тел. 87015230213.

Конституциялық Сот аппараты жолданымдарды электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі, электрондық үкімет веб-порталы және e-Otinish арқылы да қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда конституциялық іс жүргізудің электрондық платформасын жасау бойынша шаралар қабылдануда.

Өзгелердің жаңалығы