Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады

25 Тамыз 2022, 13:03
1261
Бөлісу:
Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады

30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келіп, мемлекеттік мереке болып табылады.

Бұл ретте Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбісіне дейін белгіленді.

Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалатын болады:

бес күндік жұмыс аптасымен – демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);

алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

Өзгелердің жаңалығы