«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

6 Сәуір 2023, 12:06
1509
Бөлісу:
«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
PHOTO
Фото: автордан

Елордалық студенттер адамның «консервіленген» қаңқасы, тыныстайтын манекендер мен тышқандар зертханасында оқу күнінің бір бөлігін өткізеді. BAQ.KZ тілшісі Назарбаев университеті Медицина мектебінен фоторепортаж жасаған болатын.

Еш жерде қайталанбайтын теңдессіз құрылғылар мен объектілер болашақ дәрігерлерді даярлау мақсатында күнделікті дәрістердің бір бөлігі ретінде қолданысқа енгізілген.

«Консервіленген» мүрделер

Бірегей кадаврлар немесе пластинаттар. «Консервіленген мәйіттер» ғылыми тұрғыда осылай деп аталады. Студенттердің күнделікті оқу құралына айналған кадаврлар арнайы тапсырыспен Германия және Қытайдан әкелінген.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
Қытайдан әкелінген монғолоидты нәсілге жататын ер адамның қатырылған мүрдесі.

Зертханадағы адамның қатырылған қаңқалары терең жоғары сапалы өңдеуден өткізілген. 

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Адам организміндегі бүкіл сұйықтықтар заттар шығарылған соң қатырылған мүрделерде барлық биоматериалдар мен тіндер шынайы келбетін сақтап қалған. Ыдырап, ірімейді әрі ешқандай иіс шықпайды.

Мамандар бұл өте ұзақ процесс дейді. Өйткені мәйітті жинау және өңдеумен арнайы шетелдік компаниялар айналысады екен.

Ең алдымен Қытаймен келісімшарт жасастық. Бұл сол жақтан әкелінген бірінші пластинат. Монғолоидты нәсілден шыққан ер адамның қатырылған мәйіті, - деп түсіндірді зертхананың аға үйлестірушісі Жанар Мұстапова.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
Германиядан әкелінген европоидты нәсілге жататын ер адамның қатырылған мүрдесі.

Зертханада Германиядан арнайы әкелінген екінші кадавр да бар.

Ол европеоидты нәсілге тиесілі ер адамның мүрдесі.

Белгілі болғандай, бұл екі қаңқа да екі жылдан астам уақыттан бері болашақ дәрігерлерді оқытуға құрал ретінде қолданылып келеді.

Айта кетерлігі, денелерін медициналық мақсатта қолдану үшін адамдар көзі тірісінде «қайтыс болған соң мүрделерін ғылыми мақсатта қолдануға» келісімдерін берген екен.

 

Базалық зертхана

Бұл зертханада жас ғалымдар профессорлардың жетекшілігімен өз жобаларын жүзеге асырады. Жобаларға бірінші курстың магистранттары жұмылдырылады.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Бұл зертханада гистология бөлімшесі бар. Ол жерде тышқандар мен адамдардан алынған тіндердің органоидты, сфероидты үлгілерімен жұмыс істейді.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Бұл жерге кіруге рұқсат алу үшін олар оқыту зертханасында арнайы дайындықтан өтеді.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

 

Анатомиялық цифрлық зертхана

Арнайы диссекциялық 3D-үстелдермен жабдықталған анатомиялық цифрлық зертханада студенттер машықтарын жетілдіреді.

Оның ерекшелігі – тінтуірмен немесе саусақпен дененің кез келген бөлігін басқанда, аудио-аннотация түрінде түсініктеме беріледі. «Дыбыстайтын» үстел студенттерге дененің қай бөлігі, мүшесі немесе жүйесі екендігін үйретеді.

Диссекциялық 3D-үстелдің ерекшелігі – ол экологиялық тұрғыдан таза деп саналады. Себебі формальдегид қолданылмайды, - деді зертхана қызметкері.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
Диссекциялық 3D-үстел.

Зертханада студенттер сабақ оқиды. Бес диссекциялық үстелде олар анатомия, физиология, патологиялық физиологиямен танысып, теориялық негізді меңгереді.

Үстел арқылы жағдаяттық тапсырмаларды орындап, оны практикада қолдануға болады.

Тіпті саусақпен бір рет түрту арқылы мәйітті «электронды» түрде сойып немесе тіндердің құрамын қарауға болады. Адамның тері, теріасты май тіні, бұлшықеті, сүйек тіні сынды барлық тін қабаттарын осылай оқу оңай әрі қызықты, - деді зертхананың аға үйлестірушісі Жанар Мұстапова.

Одан бөлек, жас ғалымдар гистологиялық материалдар мен препараттарды да зерттей алады. Ол үшін тінтуірді теріге қарай апарса болғаны, үстел өзі анатомиямен бірге гистологияны зерттеу үшін қажетті барлық деректі шығарып береді.

Әдетте медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мәйітханаға 3-курстан бастап қана баратыны белгілі. Ал Медицина мектебінің студенттері 1-2-курстан бастап-ақ диссекциялық үстел арқылы адам денесімен танысуға мүмкіндік мол.

 

Симуляциялық орталық

Сонымен қатар мектептің тұтастай бір қабатында симуляциялық орталық орналасқан. Былайша айтқанда, мектептің ішінде «емхана» жасақталған.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Бізде пациенттер бар, олар жаттыққан актерлер, яғни өз рөлдерін ойнап шығады. Одан бөлек, сабақта қолданатын манекендер мен өзге де құралдар бар. Бұл пациенттер үшін де, болашақ дәрігерлер үшін де қауіпті орта. Себебі қателік орын алған күннің өзінде қайғылы салдарға алып келу қаупі жоқ, - дейді Симуляциялық орталықтың директоры, анестезиолог, реаниматолог Виталий Сазонов.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Бұл зертханаға Task Trainer деген атау берілген. «Жасанды емханада» студенттер манекендерге түрлі процедуралар жасап үйренеді. Тіпті болашақ хирургтар хирургиялық манекендерге «ота жасап», лапароскопиялық үстелшеде жұмыс істейді.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж
«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Бөлмелерде камера мен микрофондар орнастылған. Мен студенттерімнің әрекеттерін қашықтықтан бақылап, жағдайды, симптоматиканы өзгерте аламын. Мәселен, мына манекен дем алады, кірпік қағады. Ал мына экранға қарасаңыз, оның жүрек қағысы естіліп тұр. Егер дәрігерлер мен студенттер бірдеңені дұрыс істемесе, планшет арқылы оның жүрек қағысын тоқтатуға болады. Бәрі шынайы жағдайдағыдай, манекен тыныс алмай қалса, онда цианоз басталып, еріні көгеріп кетеді. Студенттер осы кезде реанимация жасауы тиіс, - деді клиникалық директор.

«Консервіленген» мүрде, дем алатын манекен: Медицина мектебінен фоторепортаж

Осылайша, алгоритмді білу, командамен жұмыс істеп үйрену және уақытында дұрыс шешім қабылдау – болашақ дәрігерлер меңгеруі тиіс алғашқы машықтар.

 

Өзгелердің жаңалығы