Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

17 Сәуір 2019, 15:23
2798
Бөлісу:
Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киву көлінде ағаштан жасалған кеме аударылды. Оның ішінде жүзге жуық адам болған. Қазір 30-дан астам адам құтқарылды, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады.

Конго Демократиялық Республикасында болған қайғылы жағдайдан кейін табылмай жатқан бірнеше адам бар. 

Оңтүстік Киву провинциясы өкілдерінің айтуынша, ағаш кеме дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні аударылған.

Қазір 30 адам құтқарылып, 20 адам қаза тапты.

Апаттың себептері анықталып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы