Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Екатерина Айдова 11-орыннан көрінді

13 Ақпан 2021, 14:44
1172
Бөлісу:
Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Екатерина Айдова 11-орыннан көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Херенвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 

Olympic.kz әйелдер мен ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша өткен бәсекенің нәтижесін ұсынды. 

Әйелдер арасында қазақстандық Екатерина Айдова 11-орыннан көрінді. Ал ерлер арасында Роман Креч 18-ші орынға тұрақтады.  

Сондай-ақ командалық жарыс бойынша мұзға Демьян Гаврилов, Дмитрий Морозов және Виталий Щиголев шықты. Нәтижесінде қазақстандық құрам алтыншы орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы