Коммуналдық қызметтер цифрландырылады: Бектенов бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды

 Үкіметтің баспасөз қызметі 11 Тамыз 2026, 12:53
11 Тамыз 2026, 12:53
95
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов бизнес нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу мерзімдерін қысқартуды және  қызметтерді цифрландыруды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыруды жеделдетуді және оларды көрсету үшін белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тікелей ықпал ететін факторлардың бірі. Алайда бизнес өз нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу үшін көп уақыт жоғалтады. Мұндай қызметтерді көрсетуге қатысты өтінімдерді қарау мерзімдерін созбай, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде монополия субъектілерінің белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, қызметтерді цифрлық форматта көрсетуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай ақ, Олжас Бектенов Азаматтардың коммуналдық қызметтермен шарттарды проактивті түрде бекіту сервисін еліміз бойынша енгізу қажет екенін айтты.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов азаматтар мен коммуналдық қызметтер арасында шарттарды автоматты түрде жасасу бойынша пилоттық жобаны іске асырудың оң нәтижелерін атап өтіп, бұл механизмді еліміз бойынша енгізу қажет екенін айтты.

Биыл наурыз айында азаматтардың коммуналдық қызметтермен шарттарды проактивті түрде бекітуі бойынша пилоттық жоба аяқталды. Бұл іс жүзінде өте ыңғайлы сервис болды, шарттар автоматты түрде жасалды. Алайда тәжірибе жалғасын таппай, тоқтап қалды. Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, аталған қызметті барлық өңірде толыққанды енгізсін, – деп тапсырды Олжас Бектенов. 

Наверх