Коммуналдық қызмет көрсету қағидасына өзгерістер енгізілді

13 Қаңтар 2020, 20:37
1590
Бөлісу:
Коммуналдық қызмет көрсету қағидасына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 50 бабы 1 тармағына  сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлады Елорда Инфо.

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №115-638 "Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары лифтінің пайдалануы үшін төлем ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына сәйкес төленеді.
Осы қаулының орындауын бақылау, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін. Осы қаулы, әділет органдарындағы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, сонымен қатар оның бірінші ресми түріндегі жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, - делінген қала әкімінің қаулысында. 
Қаулының толық нұсқасымен "Ашық НҚА" (нормативтік құқықтық актілер) порталында танысуға болады.
Өзгелердің жаңалығы