Комитет үй жануарлары бар тұрғындарға маңызды хабарлама жасады

9 Тамыз 2023, 13:48
1034
Бөлісу:
Комитет үй жануарлары бар тұрғындарға маңызды хабарлама жасады
Фото: Артём Чурсинов - архив

1 қыркүйектен бастап үй жануарлары міндетті түрде есепке алынуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес үй жануарларын жергілікті атқарушы органдардың жануарларды есепке алу жүйесінде есепке алу қажеттілігі туралы хабарлаймыз. Жануарларды есепке алу туралы толығырақ ақпаратты облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің сайттарынан алуға болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін 1414 нөміріне немесе Telegram чатына https://t.me/EcologyofQazaqstan хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы