Көмір тиелген вагоннан қарасора салынған рюкзак табылды

11 Қыркүйек 2023, 11:18
708
Бөлісу:
Көмір тиелген вагоннан қарасора салынған рюкзак табылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Көлік полициясының қызметкерлері көмір тиелген жартылай вагоннан қарасора салынған рюкзагы бар Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Белгілі болғандай, есірткінің жалпы салмағы 25 келіден асады.

Күдіктінің айтуынша, жүк пойызымен ол қарасораны Шу станциясынан Шымкентке апаруға тырысқан. Өткен аптада полицейлер 40 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 14 есірткі сату фактісі анықталды, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Заңсыз айналымнан шамамен 245 келі есірткі тәркіленген.

Оның 10,5 келіден астамы – синтетика. Оларды дайындау үшін құрылған екі есірткі зертханасы таратылды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы