Алматыда түнгі клубта «синтетика» сатқан

11 Қыркүйек 2023, 11:13
515
Бөлісу:
Алматыда түнгі клубта «синтетика» сатқан
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық препарат сатқан адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Алматының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Синтетикалық препараттың дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған, - деп атап өтті ведомство өкілі.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген. Алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы