Командалық теледебат: Партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

11 Тамыз 2026, 20:19
АВТОР
 11 Тамыз 2026, 20:19
11 Тамыз 2026, 20:19
102

Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтау мақсатында ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідейболды:

1. «Ақ жол» партиясы
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
3. «Әділет» партиясы
4. Қазақстан Халық партиясы
5. «Ауыл» партиясы
6. «Байтақ» жасылдар партиясы
7. Respublica партиясы

Теледебат 12 тамыз күні сағат 20:00-деJibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Тақырыбы – Заң мен тәртіпәділетті Қазақстанның негізі.

Командалық теледебаттың басты ерекшелігі – Құрылтай сайлауына қатысатын әр саяси партиядан екі өкіл сөз сөйлейді.

Көрермендер партиялардың сайлауалды бағдарламасымен, әділетті қоғам құру жөніндегі бастамаларымен танысады. Сонымен қатар спикерлер WhatsApp арқылы келіп түскен сайлаушылар мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Тікелей эфир барысында партиялардың жария түрде берген уәделері де ұсынылады.

Трансляция кезінде көрермендер QR-код арқылы веб-сауалнамаға өтіп, теледебатқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

Наверх