Комаға түскен сарбаз. Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады

17 Маусым 2024, 19:33
485
Бөлісу:
Комаға түскен сарбаз. Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады
VIDEO
Фото: скрин

Қорғаныс министрлігі комаға түскен сарбаздың ісіне қатысты ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылды. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын.

Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады.
Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр. 
Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері болмағанын атап өту керек.

Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жария етілмейді. Іс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлілерді жазалауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы