Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен балаға қатысты істі полиция қолға алды

13 Қаңтар 2020, 17:29
1908
Бөлісу:
Тісін емдеткеннен кейін комаға түскен балаға қатысты істі полиция қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жекеменшік стоматологияда тісін емдеткеннен кейін екі аптадан бері есін жия алмай жатқан 2,5 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова баспасөз брифингі барысында мәлімдеді.

Қыз бала әлі де ауыр жағдайда жатыр. "Доктор Бро" клиникасына жүргізілген тексеріс туралы өткен аптада айтылған еді. Қыз балаға көрсетілген медициналық қызмет көрсету кезіндегі заңбұзушылықтар аталды. Барлық материал құқықтық баға беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жолданды. Әрі қарай істі құқық қорғау органдары шешеді, - деді Людмила Бюрабекова баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетейік бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы "Доктор Бро" клиникасында тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алған болатын.

Оған дейін баланың анасы Анастасия Зелёная Facebook әлеуметтік желісінде көмек сұрап, арнайы жазба жариялаған еді. 2,5 жасар қыз бала екі аптадан бері есін жия алмай комада жатыр.

Өзгелердің жаңалығы