Комаға түскен баланы елордалық емханалар қабылдағысы келмеген

8 Қаңтар 2020, 18:25
4190
Бөлісу:
Комаға түскен баланы елордалық емханалар қабылдағысы келмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жекеменшік стоматологиялық клиникада тісін емдеткеннен кейін комаға түскен 2,5 жасар қыз баланың анасы елордалық емханалар бүлдіршінді қабылдағысы келмегенін айтты. Бұдан басқа ол дені сау баланың комаға түсуіне себеп болған жекеменшік стоматологиялық клиниканың үстінен арыз жазатынын жеткізді. 

Стоматологияда жедел жәрдем шақыра бастаған кезде "менің балама ма жедел жәрдем шақырылған?" деп сұрадым. Олар маған "жоқ" деп жауап берді. Он минуттан кейін менің балама жедел жәрдем шақырылған ба деп тағы сұрадым, олар маған "жоқ" деп жауап берді. Шамамен 15 минуттан кейін бәрі жақсы екеніне көз жеткізу үшін баланы көрсетуді өтіндім. Содан кейін маған анестезиолог келіп, баланың анафилактикалық шок алғанын айтты. Оны №3 қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Біз бірден бардық. №3 балалар ауруханасында балаға реанимациялық көмек көрсетті. 4 сағаттан кейін олар маған баланы көрсетті. Балам севоран наркозынан кейін ұйықтап қалды, содан өзіне келе алмады. Facebook-та арнайы пост жазған соң ғана бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, тексреу жүргізе бастады: МРТ, ИКТ және басқаларын. Бұған дейін мен "балада бас миы бағанасының өлімі" диагнозын қойған  профессормен сөйлестім, - деді қыздың анасы Анастасия Зеленая.
Анасының сөзіне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемелер баланы қабылдаудан бас тартқан екен. 
Балада мидың төменгі амплитудасы белсенділігі байқалды. Дәрігерлердің ешқайсысы балада мұндай диагнозы бар деп сенбеді. Біз Facebook-те пост жазғанымыздан кейін әрекет басталды. 6 қаңтар күні мен №3 балалар жұқпалы ауруханасының бас дәрігеріне барғанымда баланың жағдайы туралы ешкім сөйлескісі келмеді. Олар маған баланы ешкім алғысы келмейді деп жауап берді. Мен ана мен бала орталығына бардым. Маған баланы қабылдамайтындарын айтты. Ана мен бала орталығына да бардым. Олар да баланы қабылдамайтынын айтты. Өйткені оның жағдайы ауыр деді. Ешқандай мәні жоқ деді. Бұл менің жалғыз балам. Ол бұған дейін ештеңемен ауырмаған, сау еді, - деп түсіндірді анасы.
Анастасия Зеленая құқық қорғау органдарына жүгініп, дені сау баланың комаға түсуіне себеп болған жекеменшік стоматологиялық клиниканың үстінен арыз жазатынын айтты.




Өзгелердің жаңалығы