Колумбияда 8 тонна кокаин тәркіленді

Колумбияда 8 тонна кокаин тәркіленді
1257

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аса ірі көлемдегі кокаин жағадан алыс емес жерде жартылай суға батып тұрған қайықтан табылды, деп хабарлады korrespondent.net. 

Ұлттық әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, Тумако муниципалитеті қасынан табылған ірі көлемдегі есірткі Орталық Америкаға жөнелтілмек болған. Жүк иесі туралы ақпарат таратылған жоқ.

Телеарналардың хабарлауынша бұған дейін мұндай ірі көлемдегі есірткі тәркіленген емес. Жыл басынан бері осындай суасты 20 қайық ұсталған. 


Фото: дереккөз