Колумбияда оянған жанартаудың қаупі күшейді

7 Сәуір 2023, 22:01
849
Бөлісу:
Колумбияда оянған жанартаудың қаупі күшейді
Фото: kk.wikipedia.org

Геологиялық қызмет 7 рет жер сілкінгенін хабарлады. Дүмпулердің қуаты 2-ден 4 балға дейін жеткен. Жергілікті билік 2 мың тұрғынға шұғыл көшу туралы ескертпе жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. 40 жыл бұрын Невадо-дель-Руис Анд жанартауы атқылап, 25 мыңнан астам адам ажал құшқан еді. 

Мен бұл жанартаудан қорықпаймын. Себебі ол баяғыда жарылып, атылып тынышталды. Иә, оның дабысы өте қатты болады, өйткені оның кратері өте үлкен. Бұл дауыстар тастар құлаған кезде шығады, - дейді шаруа Евелио Ортиз.

Өзгелердің жаңалығы