Колумбияда халықаралық гүлдер көрмесі өтті

16 Қыркүйек 2023, 15:37
1684
Бөлісу:
Колумбияда халықаралық гүлдер көрмесі өтті
Фото: pixabay.com

Орхидеямен танылған Колумбия астанасы Боготада 20-рет халықаралық гүлдер көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің әр түкпірінен жиылған қауым өсімдікпен оранған ботаникалық саябақтың көрінісін тамашалады. Гүл өсіруден өзге елден озық тұратын колумбиялықтар үшін орхидея – мемлекеттің ең негізгі табыс көзі. Сондықтан гүлдер көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ал бұл жолғы жәрмеңке жылдағыдан бөлек. Түрлі-түсті алаңға айналған экспозицияда орхидеяның 3 мыңнан астам түрін кездестіруге болады. Ұлттық құндылыққа ие орхидея гүлінің колумбиялықтар үшін маңызы зор. Ежелден күнкөріс көзіне айналған. Тарихқа сүйенсек, мезозой эрасында 65 миллион жыл бұрын пайда болған деген дерек бар. Қазір мұнда гүлдің 4 мыңға жуық түрі өсіріледі.

Өзгелердің жаңалығы